Қазақстан • 22 Ақпан, 2019

Шалқар-Имантау демалыс аймағын жаңғыртуға  1 млрд теңге жұмсалады

632 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылжар өңірінде  туризмге сұранып тұрған орындар көп болғанымен, тиімді пайдаланылмай келеді.

Шалқар-Имантау демалыс аймағын жаңғыртуға  1 млрд теңге жұмсалады

Облыс тұрғындарына берген есебінде аймақ басшысы Құмар Ақсақалов осы мәселеге ерекше тоқталып,  Айыртау ауданындағы «Шалқар су» санаторийін  сынға алды.

«Кезінде жанға жайлылық сыйлаған санаторийдің бүгінгі жайы жарылыстан кейін сияқты», деді ол.

Шалқар-Имантау курортты  аймағы республикалық маңыздағы он үздік жоба қатарына енгендіктен, енді аталмыш санаторийді  инвестор қалпына келтірмек.Бұл мақсатқа  бастапқы кезеңде бір  миллиард теңге бағытталатын болады. Яғни ауқымды жоба  инженерлік және авткөлік инфрақұрылымдарын салу,  демалыс аймағын абаттандыру, маркетинг, жарнамаларды толықтыу  сияқты міндеттерді жүзеге асырады.

Қ. Ақсақалов өз сөзінде  Елбасы ішкі және сыртқы туризмді өркендетуге  баса көңіл бөліп отырғанын, бұл орайда  Шалқар көлінің әлеуеті зор екенін жеткізді. Шағын және орта бизнес өкілдеріне туризм нысандарын тұрғызу үшін барынша көмек көрсетіледі. Былтыр бұл бағытта 150 шақырым жол жөнделіп,  инфрақұрылымдарды жаңартуға 3,2 миллиард теге жұмсалған.  Бұдан былай шетелдік туристер де  Шалқар, Имантау, Ботай сынды тарихи жерлермен еркін  таныса алады. Қызықтаушылардың саны екі есеге көбеюі осыны аңғартады.  2 мыңнан астам мөлдір көлі,  700 мың гектардан  астам орманы бар өңірде экотуризмді дамытуға да баса көңіл бөлінген.

Туризм саласын жүйелі дамыту үшін Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп  2025 жылға дейін аралықты қамтитын мемлекеттік бағдарлама жасалған.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы